Гүлжахан Сыдықова Президент пен «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысушыларға алғысын білдірді.

Осыған дейін Мемлекет басшысы «Жүрек жылуы» акциясына қатысушылармен кездесіп, сандықшадан хаттардың бірін таңдаған болатын. Өтініште Астана тұрғыны тонометр сұрағаны жазылған.

Елімізде «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы аясында еріктілер мен белсенді азаматтар халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына: көпбалалы отбасылардың, ерекше қажеттіліктері бар жандардың, зейнеткерлердің және т.б. өтініші мен тілектерін орындауға көмектеседі.