«Биыл жазда Ақтөбе қаласында «Baqytty Bala-2022» халықаралық ән байқауы өтті. Оған 8 елден 20-дан аса өнерпаз қатысты. Осы байқау Евровидениеге Қазақстанның атынан баратын дарынды баланы іріктеп алатын шара ретінде өткізілді. «Хабар» агенттігі осындай шешім қабылдады. Нәтижесінде аталған өнер додасында дарынымен ерекше көзге түскен Дэвид Чарлинді таңдап алдық. Осылайша, Қазақстанның атынан «Евровидение» балалар ән байқауына бесінші рет өнерпазымызды жібергелі отырмыз. Осы орайда барлық қазақстандықтардан белсенділік танытуды сұраймын», - деді спикер.