Тедрос Гебрейесус бұл туралы Қазақстанның денсаулық сақтау министрімен кездесуде айтты.

"Осы уақытқа дейін мен Қазақстанда екі рет болдым. Алғаш рет Алматыға 2017 жылы барғанмын. Менің екінші сапарымда алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі конференция аясында танымал дәрігер Төрегелді Шармановпен кездесу өтті. Ол кезде менің отбасымды Қазақстанмен байланыстырған ештеңе болған жоқ. 2022 жылы біз құла болдық. Мен бұған өте қуаныштымын. Менің құдам Дәулет Тұрлыханов осында тұрады. Бұл дегеніміз, Қазақстан енді менің де үйім деген сөз. Жақында менің немерем сөйлей бастайды, Мен онымен ана тілінде сөйлесуім керек", – деді ДДҰ басшысы.