АЙТЫЛДЫ:
Энергия станцияларында технологиялық бұзушылықтардың пайда болу себептеріне талдау жүргізу, жөндеу жұмыстарын жүзеге асырған мердігер ұйымдардың біліктілігінің белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру.
ОРЫНДАЛДЫ:
Электр станцияларында технологиялық бұзушылықтардың пайда болу себептеріне талдау жүргізілді, нәтижесінде:
- қыздыру беттерінің күл тозуына байланысты қазандықтардың жоғары зақымдануы;
- энергия жабдықтарының жоғары тозуы;
- коронавирус пандемиясы кезіндегі карантиндік шектеулерге байланысты 2020 жылы жабдықты күрделі және кеңейтілген-ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардың жеткіліксіздігі мен тоқтатылуының әсері сияқты негізгі себептер анықталды.
Жөндеу жұмыстарын жүзеге асырған 159 мердігер ұйымның біліктілігінің белгіленген талаптарға сәйкес келуіне тексеру жүргізілді;
Электр станцияларының энергетикалық жабдықтарын күрделі жөндеу және реконструкциялау жөніндегі қызмет түрін лицензиялау бөлігінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу бойынша ұсыныстар әзірленді.