«Кең дала» бағдарламасы аясында ресми түрде 70 млрд теңге сомасына 2562 өтінім келіп түсті, оның ішінде 69 млрд теңге сомасына 2086 өтінім қаржыландырылды. Сонымен қатар, әлемдік азық-түлік нарықтарындағы құбылмалылыққа байланысты фермерлер үшін салдарды нивелирлеу мақсатында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландыру көлемін қосымша 70 млрд теңгеге ұлғайту және бюджеттік кредиттеудің жалпы сомасын 140 млрд теңгеге дейін жеткізу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы фермерлердің өздері сұрады», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметі алаңында.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өз қаражатынан 14 млрд теңгеден астам сомаға 435 кредит берді, олар қосымша бөлінген қаражаттан өтелетін болады. Форвардтық сатып алу шеңберінде «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ 93,6 млрд теңгеден астам сомаға 550 өтінім түсті. 74,4 млрд теңге сомасына 410 өтінім қаржыландырылды.
Сондай-ақ, жұмсақ бидай, қатты бидай, арпа, сұлы, күнбағыс, зығыр, рапс, соя, қарақұмық және жүгері сияқты он атауға дейін сатып алынатын дақылдардың тізбесі кеңейтілді. Қазіргі уақытта 11,3 млн. га алаңға дақылдар егілді.