Қазіргі уақытта темір жол арқылы әлеуметтік маңызы бар жүк-тас көмірді тасымалдау жоспар бойынша жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылғы  қаңтар айының 11 күнінде 3,5 млн тонна қатты отын тиеліп, өткен жылдың ұқсас деңгейіне қарағанда өсім 1,2% құрады. Оның ішінде ЖЭО - ға 2,2 млн тонна жеткізіліп, көмір қорының ұлғаю үрдісі байқалуда.

 Әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау «ҚТЖ» ҰК» АҚ ерекше бақылауында. Күн сайын көмір разрездері өкілдерінің қатысуымен жедел штаб кеңестері өткізіледі. Маңызды жүкті тасымалдау үшін жартылай вагондар жүк жөнелтушілердің өтінімдеріне сәйкес толық көлемде беріледі.