«Рухия колледжде оқыды, содан кейін бакалаврға түсті. Қазір үшінші курс студенті. 7 жылдың ішінде көптеген байқауларға қатысып, жақсы өнер көрсетті. «Славян базары» фестивалінде Гран-при иегері атанды. Бұл керемет нәтиже. Бұл ретте халықаралық өнер фестивалінің Қазақстандағы ресми өкілі Қарлығаш Әбдікәрімоваға, ең бірінші гран при иегері атанып, жол ашқан Димаш Құдайбергенге рахмет айтамын. Эстрада жұлдыздарымыз әлемдік сахнада өнер көрсетіп, үлкен дәрежеге жетіп, гран при алып жатыр»,- деді А.Мұсаходжаева.  


Қазақ Ұлттық музыка академиясының» ректоры мәдениет министрлігі жастарға үлкен қолдау көрсететінін атап өтті. Бүгінде симфониялық оркестр, эстрада жұлдыздары, домбырашылар, скрипкашылар ансамбльдері шетелдерде өнер көрсетуде.