«Мұны түсіндіру оңай. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру, өз-өзімізді қорғау үшін, бұл эпиджағдайға да әсерін тигізді, уақыт қажет. Екі дозамен егілу керек. Екі дозаның арасында интервал бар, екінші вакцинаны алғаннан кейін уақыт өтуі керек - иммунитет қалыптасуы үшін орта есеппен жарты ай. Сондықтан неғұрлым тез арада егілсек, бұл эпидемиологиялық жағдайдың соғұрлым тез жақсаруына әсер етеді деп айтамыз. Оны бүгінде вакцинациямен кеңінен қамтылған елдерде көріп отырмыз», - деп түсіндірді спикер. 


Сондай-ақ ол вакцина алушыларды саналы болуға шақырды. Вакцинацияның екі дозасын алғаннан кейін де қорғау шараларын сақтау қажет. Көбісі тіпті орын-жайларда жүріп, бетперде тақпайды.  


«Бұл дұрыс емес, пандемия жарияланғалы коронавирустан қорғайтын шаралар анықталды – маска тағу, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау және вакцинация. Сондықтан «біз вакцина алдық, енді маска тағу қажет емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек емес, бүгінде тыйым салынған іс-шараларға баруға болады» деп ойлайтындар қатты қателеседі. Әзірге ұжымдық иммунитет жоқ және вирус қоғамда таралуда, өкінішке орай, егілгендер де ауырып қалуы мүмкін», - деді сарапшы сенбейтін адамдарды тағы да ескерте отырып.