Қабылданған шаралардың нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі бірінші тоқсанда 0,1%-ға төмендеп, 5,3%-дан 5,2%-ға азайды, жастар арасындағы жұмыссыздық 0,1%-ға, яғни 5,5%-дан 5,4%-ға дейін төмендеді.
Шағын және орта бизнесті қолдау үшін салықтарды, жалдау ақысын төлеуден босату, несиелер бойынша проценттік мөлшерлемені кейінге қалдыру және субсидиялау сияқты дағдарысқа қарсы шаралар қабылданды.
«Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар, оның ішінде Бизнестің жол картасы-2025», «Еңбек», «Қарапайым заттар экономикасы», «Almaty Business-2025» бағдарламалары аясында 86 млрд теңгеге 1 мыңнан астам жоба мақұлданды. Алматыда қаңтар-мамыр айларында сыртқы инвестициялар 57,6 млрд теңгені құраса, ішкі инвестициялар – 300 млрд теңгеге жетті. 2021-2024 жылдарға 35,4 мың жұмыс орнын құра отырып, 4,5 трлн теңгеге 201 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды. 2021 жылы жалпы құны 314,5 млрд теңгені құрайтын 84 инвестициялық жоба іске асырылады. 10 мың тұрақты орны ашылады», - деді Б.Сағынтаев.
Жаңа бос жұмыс орындары жылжымайтын мүлік, өнеркәсіп, сауда және қызмет көрсету салаларында құрылады, сондай-ақ әлеуметтік жобалар да бар.