«Мәдени-рухани орталықтағы нысандардың басым бөлігі өте қарқынды салынды. Біздің әкімшілік орталығымыз және қаланың инфрақұрылымы дамуда, бұл Бас жоспарда қарастырылған даму перспективасына сай. Сондықтан қаланың дамуының жаңа кезеңін бастауымыз керек. Ол бірнеше бағытта дамиды. Егер 3 жыл ішіндегі жұмыс нәтижелеріне көз жүгіртсек, бұл өте сәтті және стратегиялық тұрғыдан дұрыс шешім болды. Жаңа Түркістан облысы құрылды және Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалаға айналды. Екі өңір де дамуға үлкен серпін алды. 2018 жылмен салыстырғанда, жалпы өңірлік өнім осы жылдар ішінде 41% - ға өсіп, 2,4 трлн теңгені, өнеркәсіп өнімі 18% - ға, ауыл шаруашылығы өнімі 34% - ға құрады. Ең бастысы, соңғы 3 жылда инвестициялар 1,6 трлн теңгені құрады», - деді әкім көрсеткіштердің айтарлықтай өскеніне тоқтала отырып.
Тұрғын үй құрылысында да оң көрсеткіштер тіркелді. Өңірде бұрын-соңды болмаған көлемде тұрғын үй тапсырылды – 736 мың шаршы метр, оның ішінде 700 мыңы былтыр берілген. ШОБ өте қарқынды дамуда, оның жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 21% - ды құрайды. Облыс бюджеті 893 млрд теңгеге дейін 2 есеге жуық өсті, 2018 жылы бұл көрсеткіш 450 млрд теңгені құраған.