Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ пен Комиссия ең алдымен келіссөздер алаңын ұсынады.

«Енді барлық елдер сауда кедергісіз жүзеге асырылуы тиіс деп қол қойғаннан кейін, еркін сауда үшін қандай да бір кедергілер орнатуды міндеттеменің сақталмауы деп бағалауға болады және оларды Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында заңды түрде талқылап, жоюға қол жеткізуге болады. Ал ЕАЭО құрылмаса, бұл болмас еді. Біздің министрлік қазақстандық тауарлар жолындағы кедергілерді анықтау және жою бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда тосқауылдарды жоюдың рекордтық оң динамикасын атап өтуге болады. 2016 жылдан бастап бұрыннан бар тосқауылдардың 83%-ы жойылды. 66 тосқауыл сараланды, оның ішінде 54 тосқауыл жойылды», - деп хабарлады Жанель Кушукова.

Сарапшылардың бағалауынша, жойылған кедергілер шамамен 100 млн АҚШ долларын құрады.

«Министрлік мұндай жағымсыз әсерлерді азайту үшін бар күшін салуда. Бізге бизнесмендермен тікелей диалог орнату қажет. Осы мақсатта Қазақстанның ЕАЭО-ға қатысу мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау бөлмесі құрылуда, ол бізге кәсіпкерлермен, салалармен тікелей сөйлесуге және қандай проблемалар бар екенін сұрауға мүмкіндік береді. Мұндай отырыстар 6-14 сәуірде СҚО, БҚО, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында өткізілді. Кәсіпкерлер ЕАЭО кеңістігінде тап болған проблемаларын ортаға салады», - деді спикер осындай кездесулердің нәтижесінде екі мәселе шешіліп, күн тәртібінен алынып тасталғанын атап өтіп.