«Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберінде республикалық трассаларды есепке алғанда жолдарды абаттандыруға 67 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов мәлімдеді.
«12 миллиардтан астам қаржы 413 километр жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге бағытталды. Келесі жылы бұл мақсаттарға 10 миллиардтан астам қаржы бөлу жоспарланып отыр. Бұл қаржыға 212 километр жолдар жөнделеді. 2018 жылы орындалған жұмыстар жағдайы жақсы жолдардың үлесін 80%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Өткен жылы бұл көрсеткіш 78,1%-ы құраған еді», - деп атап өтті облыс әкімі.