✅ ОРЫНДАЛДЫ:

🔺 Заңға түзетулер енгізіліп, біліктілікті арттыру курстарының жиілігі өзгертілді. Мұғалімдер үш жылда бір рет курстардан өтеді.

🔺 Біліктілікті арттыру жүйесі қайта жүктеліп жатыр. Педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы қағидасы енгізіліп жатыр.

Қазақ және орыс тілдерінде мұғалімдерге арналған 12 негізгі пән бойынша 44 жаңа білім беру бағдарламасы әзірленді. Бағдарламалар білім алушылардың академиялық үлгерімін арттыруға бағытталған.

🔺 2022 жылғы 1 тамыздан бастап осы бағдарламалар бойынша оқыту басталды. 18 қарашаға дейін 48 500 педагог біліктілігін арттырады.

🔺 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша әзірленген 8 білім беру бағдарламасы балалардың ойын әрекетіне және үйлесімді дамуына бағытталған. Орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған білім беру бағдарламалары тәжірибеге бағытталған тәсілді ескере отырып жаңартылды.