ОРЫНДАЛДЫ: Total Energies компаниясының ЖЭК саласындағы жобаларды іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды; 2021 жылғы 28 қазанда ҚР Энергетика министрлігі «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және Total Eren S. A. арасында электр энергиясын жинақтау жүйесін пайдалана отырып, жалпы қуаты шамамен 1 ГВт болатын Қазақстан аумағында жел энергиясын пайдаланатын гибридті электр станцияларын салу және пайдалану бойынша өзара түсіністік туралы Меморандум жасалды; 2022 жылғы 9 маусымда Меморандум шеңберінде қағидаттар туралы келісімге қол қойылды, жобаны іске асыру бойынша тараптардың іс-әрекеттері айқындалды; Жамбыл облысы ЖЭС орналасатын жер болып белгіленді; Жобаны іске асыру Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасында бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізуге, қосымша инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, сондай-ақ «жасыл» электр энергиясын өндіруді ұлғайтуға мүмкіндік береді.