Орындалды:

2022 жылғы 18 мамырда «Атамекен» кеден бекеті арқылы Өзбекстан Республикасы бағытында Қазақстан Республикасы азаматы өзімен бірге 10 000 АҚШ доллары, 82 500 теңге және 1 798 000 өзбек сомын алып өтпек болған кезінде тосқауыл қойылды.

2022 жылдың 6 мауысымында Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Жібек жолы» кеден бекеті арқылы Өзбекстан Республикасы бағытында жолаушылар терминалында Тәжікстан Республикасының азаматынан жолаушылар кедендік декларация арқылы мәлімделмеген қолма-қол 19 500 АҚШ доллары анықталды.

2022 жылғы 12 маусымда «Шымкент-Кутаиси» халықаралық әуе рейсінде «Әуежай-Шымкент» кеден бекетінің қызметкерлерімен кедендік бақылау кезінде 36 000 АҚШ долларын (15 905 240 теңге) құрайтын қолма-қол ақшаны заңсыз алып өтпек болған Қазақстан Республикасының А. есімді азаматы анықталып, тоқтатылды.

 


Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 545-бабына сәйкес әкімшілік істер қозғалды.