«Сфера» платформасы мұғалімдерді, оқушылар мен ата-аналарды біріктіру және сол арқылы қашықтан білім берудің тиімділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Бұл туралы «Гардекс Қазақстан» ЖШС директоры Алтынбек Күмісбеков сараптамалық брифингте мәлімдеді.

«Біз тек Алматыда ғана жұмыс істейміз. 160 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген. Күн сайын 1500-ден астам бірегей сабақ өтеді. Алматының басқа да мектептерімен жұмыс істейміз, олардың әрқайсысын белсенді түрде қосып, барлық жұмыстар нақты пысықталады. Біздің мақсатымыз қала бойынша толыққанды білім беруді қамтамасыз ету», - деп сендірді Күмісбеков.

Ол сондай-ақ, «Сфераны» өңірлерге таратып, кеңейту мәселелері пысықталып жатқанын жеткізді.