Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен сараптамалық брифингте «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев журналистің қойған сұрағына берген жауабында мәлімдеді.

Спикер атап өткендей, бұл республика деңгейінде іске асып жатқан бағдарламалардың бірі. Алдағы бес жылда Қазақстан бойынша аталған бағдарларма шеңберінде 30 мыңнан астам маманды жұмыспен қамту жоспарланған. Мысалы, Ақмола облысында «Дипломен ауылға» жобасы аясында 4900 студент жұмысқа орналасты, оның ішінде 3700 – педагог, 700-ге жуығы денсаулық сақтау саласының маманы. Сондай-ақ, «Жастар - Отанға» бағдарламасы аясында алдағы бес жылда өңірге жыл сайын 600 маманды жіберу қарастырылған.

«Jas Otan» ЖҚ Ақмола облыстық филиалының төрағасы Сұлтанбек Бекешевтің айтуынша, бағдарламаны жүзеге асыру аясында «Jas Otan» жастар қанаты ЖОО-ның соңғы курс студенттерімен кездесу өткізеді.

«Осылайша, бес жылдың ішінде 3600 жуық студентті «Дипломмен ауылға!» жобасы аясында жұмыспен қамту көзделген. Сондай-ақ, жастарды жұмыспен қамту және жастар практикасы бойынша 1800 адам жастар практикасынан өтсе, 1500-ге жуығы жұмысқа орналасты. Бұл жұмыстар одан әрі жалғасын табады. Сондай-ақ «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жыл сайын 700 жас жұмыспен қамтылмақ. Ал бес жылдың ішінде Ақмола облысы бойынша 25 мың жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отырмыз», - деді спикер.