Оның айтуынша, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу жағдайы қайталанса, қылмыстық жауапкершілік тағайындалды. Көп жағдайда отбасылық бюджеттен төленетін әкімшілік айыппұлдар тәжірибесі тоқтатылды. Осы уақыттан бастап ұрып-соғу, зорлық-зомбылық тұрмыстық жағдайда жасалса, бұл қылмыстық құқық бұзушылық болып саналады. Бұл – зорлық-зомбылықтың жанжал емес, қылмыс екенін көрсететін маңызды қадам.
«Қылмыстық кодекске тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жаңа бап енгізілді. Бұл нақты статистика жүргізуге, құқық бұзушылықты дұрыс саралауға, арнайы қорғаныс шараларын қолдауға мүмкіндік береді. Зорлық-зомбылық түрлері кеңейтілді. Мәселен, психологиялық зорлық, экономикалық зорлық, цифрлық қудалау, яғни киберсталкинг ұғымдары енгізілді. Мұнің бәрі ұрып-соғу және зорлау секілді адам өмірін күйретеді. Мемлекет бүкіл қауіп спектріне жауап беруге тиіс деп ойлаймын», – деді спикер.
Жәбірленушіні қорғау тетіктері күшейтілді. Мысалы, қорғау нұсқамаларының мерзімін ұзарту, агрессордың зардап шегушіге жақындауына тыйым салу, құқық бұзушыны дереу үйден шығару мүмкіндігі, полиция және пробация қызметі арқылы бақылауды күшейту.