Оның айтуынша, Қазақстанда аң аулау кәсібі 1999 жылға дейін жүзеге асырылды, ол кезде жануарлардың жаппай қырылуы орын алып,  оларды аулауға тыйым салу туралы шешім қабылданды. Содан кейін жануарларды аулау оларды ату әдісі бойынша жүргізілді.

«Қазір әсіресе Батыс Қазақстан облысында киіктердің саны күрт өсті. Популяциядан жеке дарақтардың белгілі бір санының алынуы жайылымдарға түсетін жүктемені де азайтады. Қазіргі жағдайда біз «Караль» әдісі бойынша аулауды ұсынамыз. Ол бұл үрдісті жақсы бақылауға мүмкіндік береді», - деді спикер.


Ғылыми қоғамдастық өкілі осы әдістің мәнін түсіндірді. Яғни, тордан үлкен қоршау салынып, киіктерді біртіндеп сол жерге қарай ығыстырады. Қоршау толған кезде қақпасы жабылады.