Оның айтуынша, банкроттық қаржылық рақымшылық шарасы емес. Оның салдары бар. Атап айтқанда:
-  банкрот деп танылған адам бес жыл бойы несие ала алмайды. 
-  банкрот деп танылған адам 7 жыл бойы тізімде тұрады және 7 жылдан кейін ғана банкроттық рәсімін қайта пайдалана алады.
-  3 жыл бойы Мемлекеттік кірістер органдары банкрот мәртебесін алудың заңдылығына және жалтарудың түрлі схемаларын пайдаланбауға қатысты қаржылық мониторинг жүргізетін болады. 

«Өтініш бермес бұрын азаматтар ойлануы керек. Банкроттық – бұл адамға белсенді экономикалық кезеңге өтуге көмектесетін соңғы шара», – деді спикер.


Е. Біржанов басқа елдерде қатаң санкциялар, оның ішінде, елден тыс жерлерге шығу, қандай да бір қызметпен айналысу немесе сайланбалы лауазымдарға орналасу бойынша шаралар қолданылатынын атап өтті. 

«Қазақстанда мұндай қатаң санкциялар жоқ, бірақ осы үш тармақ бар және азаматтар оларды білуі тиіс», – деді қаржы вице-министрі.