Шамамен $50 млн қолданыстағы кәсіпорынды жаңғыртуға, тағы $100 млн жаңа цехтың құрылысына бағытталады. Мұнда электромобильдерге арналған аккумуляторлар мен компьютерлік чиптер өндірісін қоса алғанда, жартылай өткізгіштер өнеркәсібінде қолданылатын тұрақты магниттер өндіруге қажетті аралас сирек жер металдары карбонатын шығару жоспарланған.

Жаңа өндірістің жобалық қуаты жылына 12,5 мың тоннаны құрайды. Бұл ретте өнім шығарудың жоспарлы көлемі жылына 8 мың тоннаға жетеді.

Жобаны іске асыру 228 жұмыс орнын сақтауға және жаңа өндірістік қуаттар жобалық деңгейге шыққаннан кейін қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.