2026 жылдың 26 маусымынан бастап әуе компания Ақтау – Үрімші (Қытай) бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастады. Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері Airbus A320 үлгісіндегі әуе кемелерімен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, 3 шілдеден бастап Астана – Ыстықкөл (Қырғызстан) бағыты бойынша жаңа тұрақты рейстер іске қосылды. Рейстер аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері Airbus A320 үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.

Жаңа халықаралық әуе бағыттарының ашылуы Қазақстанның Қытай және Қырғызстанмен сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және гуманитарлық байланыстарын одан әрі нығайтуға, сондай-ақ жолаушылар үшін халықаралық сапарлар мүмкіндігін кеңейтуге ықпал етеді.