Қазіргі таңда арнайы тұжырымдама бекітіліп, таңдап алынған мектептердің техникалық жағдайы зерделенуде. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, білім ошақтарын заманауи құрылғылармен жабдықтау және сапалы цифрлық инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жүріп жатыр.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауыл мектептері үшін оқытуды басқарудың ұлттық платформасын енгізу және ол платформаны бірегей цифрлық білім беру контентімен қамту. «Qazaq Digital Mektebi» жобасының сәтті орындалуы ауыл балаларына бәсекеге қабілетті білім алуға мүмкіндік беріп, еліміздің адами капиталын дамытудың негізгі қозғаушы күшіне айналады.