Бұл жұмыстар жолаушылар үшін вокзалдардағы қолжетімділік пен жайлылықты арттыруға, әсіресе мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ объектілердегі навигация мен қауіпсіздік деңгейін жақсартуға бағытталған.

Бүгінгі күні 36 вокзалда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.

2025 жылы келесі станциялардағы вокзалдарда жөндеу жұмыстары аяқталды: Жақсы, Курорт-Бурабай, Макинка, Шортанды, Ұзын-Ағаш, Шамалған, Сағыз, Мақат, Талдықорған, Ақши, Теміртау, Айса, Құсмұрын, Аманқарағай, Талап, Қазалы, Бозшакөл, Тайынша және Жаңаесіл.

2026 жылдың бірінші тоқсанында мына станциялардағы вокзалдарда жұмыстар аяқталды: Семиглавый Мар, Мырза, Сарышаған, Көктұма, Ағадыр, Қарағанды-Сұрыптау, Жаңақорған, Шиелі, Жетісу, Қарасор, Тобыл, Қалқаман, Доссор, Қызылжар, Саумалкөл, Жалтыр және Аққыстау.

Қалған вокзалдардағы реконструкция жұмыстарын биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Модернизация нәтижесінде жолаушылар заманауи күту залдарына, жаңартылған навигациялық және ақпараттық жүйелерге, жетілдірілген инженерлік шешімдерге, сондай-ақ барлық санаттағы азаматтарға арналған қолайлы жағдайларға ие болады.

Бағдарламаны іске асыру Қазақстандағы теміржол вокзалдарының инфрақұрылымын заманауи және халықаралық сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.