Қазір тарату желілерінің құрылысын салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу күтілуде. Желілерді тарту жұмысын Жетісу облысының әкімдігі атқарады.

Ауқымды жоба Жетісу облысындағы газдандыру деңгейін едәуір жақсартып, тұрғындарды сенімді әрі экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, катарлық серіктестермен бірлесіп стратегиялық маңызы бар «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісінің құрылысы жалғасуда. Жалпы, биыл республика бойынша 81 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде 94 елді мекеннің шамамен 300 мың тұрғыны табиғи газға қол жеткізеді. Осылайша, жыл қорытындысы бойынша Қазақстанның газдандыру деңгейі 63,8 пайызға жетеді.