Жаңа мектепте заманауи жабдықталған сыныптарда сапалы білім алуға және ұстаздар үшін еңбек етуге барлық жағдай жасалған. Екі қабаттан тұратын мектептің жалпы аумағы – 2 гектар. 115 орындық акт залы мен шеберхана, асхана мен кітапхана, спорт залы мен медициналық пункт бар. Бейнебақылау камералары орнатылған. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы – ел болашағына жасалған маңызды инвестиция. Жоба аясында өңірімізде 29 Келешек мектептің құрылысы жүргізілді. Өткен оқу жылында 13 мектеп пайдалануға берілсе, ал биыл жаңа оқу жылында 16 мектеп пайдалануға тапсырылады деп жоспарлануда.