Келісім сараптамалық қолдау мен тиімді экономикалық реформаларды әзірлеуге бағытталған серіктестікті бекітеді. Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы ЭЫДҰ стандарттарын енгізу, құқықтық және институционалдық ортаны жетілдіру, сондай-ақ аймақтың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы катализатор болмақ.

ЭЫДҰ-ның Жаһандық байланыстар және ынтымақтастық жөніндегі директоры Андреас Шааль Қазақстанға бағдарламаны жүзеге асыруға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

«Біз Қазақстанның әлемдік озық тәжірибелерді ілгерілетуге және Еуразия аймағында тұрақты экономикалық орта құруға ұмтылысын жоғары бағалаймыз», — деп атап өтті ол.

Астана халықаралық форумының «Building Economic Resilience» панельдік сессиясында ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстанның мемлекеттік басқару, цифрландыру және инновациялық технологияларды енгізу реформаларындағы жетістіктерін ерекше атап өтті. Бұл жетістіктер халықаралық рейтингтердегі жоғары позициялармен расталып, Қазақстанның аймақтық көшбасшы ретіндегі беделін нығайтады.