2022 жылы General Motors компаниясымен Қазақстанда Chevrolet CKD өндірісін ұйымдастыру туралы келісімге қол қойылды. 2022 жылдың 22 желтоқсанында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев телекөпір арқылы жобаны іске қосты.

Шара барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Қазақстан үшін машина жасау экономиканың стратегиялық маңызды саласы болып табылатынын және әлемдік жетекші өндірушімен өнеркәсіптік ынтымақтастық еліміздің серпінді дамып келе жатқан автомобиль өнеркәсібіне серпін беретінін атап өтті.

Жобаны жүзеге асыру үшін технологиялық шешімдер мен өндірістік жабдықтардың жетекші жеткізушілері тартылды.

Chevrolet Onix автокөлігі General Motors сапа стандарттарына сәйкес келетін жоғары сапалы, жоғары дәлдіктегі лазерлік дәнекерлеуді қамтамасыз ететін роботтанған лазерлік дәнекерлеу технологиясы арқылы шығарылады.

Қазіргі уақытта заманауи роботтық жабдықтарды қолдану арқылы технологиялық процестерді автоматтандырудың жоғары деңгейіне ие болатын пластикалық бояу шеберханасының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, еліміздегі бірінші Автокомпоненттерді өндіру бойынша локализация орталығын салу жұмыстары жүргізілуде.

«Біз өндірісті жылына 50 мың автокөлікке дейін ұлғайта алдық.  Қазақстан қазір әлемдегі ең үлкен Chevrolet нарығында жетінші орында. Бұл біздің табысты серіктестігіміздің айғағы», – деді General Motors International президенті Шилпан Амин.