Қазіргі уақытта пациенттердің маршруттарын ұтымсыз реттеу, тиімсіз стандарттар консультациялық-диагностикалық қызметтердің жасанды өсуіне ықпал ететін және тиісінше артық тұтынуды тудыратын, сондай-ақ жалпы практика дәрігеріне жүктемені арттыратын азаматтардың әділ наразылығын тудырады.

«Пациенттерді ауруларды басқару бағдарламасымен қамту ресми болып табылады. Скринингтік зерттеулерге қатысты патологияны анықтау үлесі төмен болып қалатынын мойындау керек. Сонымен қатар, маған скринингтік зерттеулердің басым бағыттарын анықтау және тәсілдерді қайта қарау тапсырылды», – деді ведомство басшысы.

Бұдан басқа, шұғыл іс-шаралар жоспарына зертханалық қызметтер құрылымын талдау және тұтастай алғанда тарифтерді қайта қарауды ескере отырып, консультациялық-диагностикалық қызметтердің  тізбесін өзектендіру енгізілген;

Мемлекет басшысы осы жылдың 1 сәуіріне дейін Бірыңғай медициналық көмек пакетін қабылдауды тапсырған болатын.