Мәселен, Астана және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Абай, Алматы, Атырау, Қостанай, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында 8 спорт мектеп-интернатының құрылысы салынады.

Былтыр Қазақстандағы спорт ғимараттарының саны 43 071 бірлікті құрады, ал халықтың спорт инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі 50%-ға жетті. 2029 жылға дейін мәдениет және спорт министрлігі бұл көрсеткішті 65%-ға дейін арттыруға ниетті.

«Жұмыс істеп тұрған объектілерге ауқымды түгендеу жұмысын жүргізіп, оның нәтижелеріне сүйене отырып, құрылысты салу қажет. Сонда қаражат үнемделеді. Әрине, барлық жаңа нысандар азаматтар үшін қол жетімді болуға тиіс», – деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.