Қазақстандықтар Меншік иелері бірлестігін онлайн режимде тіркей алады. Бұрын қазақстандықтар МИБ тіркеу және оның төрағасын сайлау үшін үй тұрғындарымен бірнеше кездесіп, әділет органдарына тиісті өтініш беріп, көп уақыт жұмсайтын. Енді ұялы телефондағы мобилді қосымша арқылы онлайн-өтінім беруге болады. Бұл қызмет «Управдом» ЖШС қосымшасында қолжетімді.

Бұл тұрғындардың қолтаңбаларын онлайн жинауға, дауыстарды, кворумды автоматты түрде санауға және электрондық хаттаманы автоматты түрде толтыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ үйдің төрағасы, хатшысы және Кеңес мүшелері қол қойған электрондық хаттама «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқорына МИБ электрондық тіркеу үшін жолданады. Жоба ең алдымен МИБ қызметінің ашық болуына, алаяқтық әрекеттерді болдырмауға, үйді басқару кезінде процестерді автоматтандыруға, қағаз құжат айналымынан арылуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, азаматтарға қолайлы болуы үшін жобаны МИБ-ті тіркеудің ыңғайлы және ашық процесін қамтамасыз ететін басқа да IT-шешімдерге масштабтау бойынша жұмыс жүргізілетін болады.