Биыл республикалық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, өңірлердегі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары үшін 132 бірлік арнайы автокөлік сатып алынды.

Автокөліктердің кілттерін тапсыру салтанатты рәсімі Алматы қаласында өтті.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті нығайту және дамыту халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласына деген сын-қатерлерге уақтылы және жедел ден қоюға мүмкіндік береді.