Ол салық саясатын жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Кездесуде биылғы жылы қабылданған жаңашылдықтар туралы сөз қозғалды.

Атап айтқанда, пайдалы қазбаларды өндіруден түсетін салықтық кірісті ұлғайту, дивидендтер бойынша жеңілдіктерді қайта қарау, темекі өнімдеріне акциздер мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру, микро және шағын бизнес үшін жиынтық жүктемені азайта отырып, еңбекақы төлеу қорынан бес төлемнің орнына бірыңғай төлемді енгізу, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы салық заңнамасын өзгерту.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, бюджеттің төртінші деңгейі және бюджетаралық қатынастар бойынша сұрақтарға жауаптар берілді. Сондай-ақ, бірыңғай аграрлық салықты енгізу мәселелері туралы айтылды.

Кездесу барысында ҰЭМ келесі жылы жаңа Салық кодексін әзірлейтіні атап өтілді. Құжатта салықтық әкімшілендіруді оңайлатуға және цифрландыруға ерекше назар аударылады. Бұл кешенді жұмыс жұртшылық пен сарапшылар және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп жүргізілетін болады.