Сапар барысында вице-министр Қазақстан-Қырғыз шекарасындағы «Қордай» және «Қарасу» өткізу пункттерінің жұмысымен танысты. Мәселен, Шекара қызметімен бірлесіп шекарадағы өзара іс-қимылдың ағымдағы мәселелері талқыланып, өзекті проблемалық мәселелер бойынша пікір алмасу жүзеге асырылды.

Жұмыс сапары кезінде Е.Біржанов жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Атап айтқанда, жаңа Салық кодексінің әзірленіп жатқан қағидаттары мен тәсілдері айтылып, оның шеңберінде салықтық әкімшілендіру процестерін одан әрі автоматтандыру және цифрландыру, салықтар санын қысқарту, кәсіпкерлер үшін салық салуды оңайлату және т. б. жоспарланып отырғандығын атап өтті.

Ержан Біржанов халықтың салық органдарының жұмысы туралы пікіріне, сондай-ақ салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге қатысты ұсыныстарға ерекше назар аударды.

Жұмыс сапарының соңында азаматтарды жеке қабылдау өткізіліп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік қызмет және өңірдің басқа да өзекті мәселелері талқыланды.