"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін ресейлік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылуда. С.Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетінің базасында М. Губкин атындағы РМУ филиалы ашылады. Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында "МИФИ" Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы ашылады. Сондай-ақ, 2023 жылы Нұр-Сұлтанда Michigan State University-н ашу жоспарлануда" - деді Саясат Нұрбек.

Бұл әлемдік білім беру стандарттары мен озық тәжірибені білім беру процесіне енгізу үшін жасалуда, деп түсіндірді министр.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы "De Montfort Leicester"университетінің филиалы ашылды. Петропавлда University of Arizona филиалы ашылады. ЖОО-мен ынтымақтастық шеңберінде екі дипломды білім беру бағдарламалары іске қосылады.

Филиалдардың жұмыс істеуі үшін Үкімет қаулылары қабылданды. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінген.