«СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Исқалиевтің айтуынша, Үкімет осы көрсеткішке қол жеткізу бойынша бірқатар шаралар қабылдауда.

«Атап айтқанда, назарды медициналық бұйымдардан дәрілік заттарға арналған ұзақ мерзімді шарттарға аудару, Бірыңғай дистрибьютормен жасалған ұзақ мерзімді шарттардың жобаларын іске асыру, R&D орталықтарын құру, ұзақ мерзімді шарттар жасасу мақсатында бірегей препараттарды оқшаулау, қымбат инновациялық препараттарға ұзақ мерзімді шарттар жасасу. Кәсіпкерлік бастаманы қолдау мақсатында сатып алу қағидаларында отандық тауар өндірушілерімен 10 жылға ұзақ мерзімді шарттар жасасу рәсімдері бекітілді. Бүгінгі күні Бірыңғай дистрибьютор 804 дәрі мен 3944 медициналық бұйымдарды жеткізуге 34 қазақстандық өндірушімен 10 жылға 92 оффтейк келісімшарт жасасты. 2021 жылы жергілікті өндірушілерден антиковидті вакциналарды сатып алуды ескере отырып, жалпы көлемде сатып алу үлесі 41%-ды құрады», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметі алаңында.