Құрметті азаматтар!

Бас прокуратура қаңтар оқиғаларына байланысты қылмыстық істерді тергеу барысы туралы хабарлауды жалғастыруда.

Қиратулар, мемлекеттік объектілерді өртеу, мүліктерді жою  және терроризм актілері Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында жасалғаны белгілі.

Сол қайғылы күндері қылмыскерлер әскерилерге шабуыл жасап, жолдың жүру бөлігін жауып, автокөліктерді өртеп, азаматтарды тәртіпсіздіктерге қатысуға көндірген және тонаулар жасаған.

Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді бұғаттау үшін олар полиция органдарының ғимараттарына шабуылдар жасады.

Бүгінгі күні арнайы прокурорлардың іс жүргізуінде жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 58 және терроризм актілерімен 8 қылмыстық іс бар.

Аяқталуына қарай істер сотқа жолдануда.

Қызылорда облысында әскери Қайсаров қаза болған терроризм фактісі бойынша сот процесі жалғасуда.

Шымкент қаласының прокуратурасымен 35 күдікті сотқа берілді, олар қаңтардың 4-нен 5-не қараған түні орталық алаңда полицияның қызметтік автокөліктерін қиратты, металл арматурамен қаруланып, құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық жасады, содан кейін әкімдік ғимаратына шабуыл жасауға белсенді түрде қатысты.

Сот үкімімен көрсетілген адамдарға түрлі жазалау шаралары тағайындалды. 

Осы әрекеттердің мақсаты халық арасында үрей мен қорқынышты туғызу, жағдайды тұрақтандыру бойынша мемлекеттік органдардың жұмысына кедергі жасау болған.

Мемлекет басшысының ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жазаны жеңілдету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында прокурорлар соттарды бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларды тағайындауға бағыттауда.

Сондай-ақ, процестік келісім институты кеңінен қолданылуда.

Процестік келісім жасау рәсімінің ерекшеліктеріне және олардың сотта қаралу тәртібіне тоқталсам.

Күдікті айыптауға, дәлелдемелерге, келтірілген залалмен дауласпаған кезде және жазаның түрі мен мөлшерімен келіскен жағдайда онымен кінәні мойындау туралы келісім жасалады.

Мұндай істер сотта 10 тәуліктен аспайтын мерзімде қаралады және жазаның мөлшері осы баптың санкциясындағы ең жоғары мерзімнің жартысынан аспайды.

Бұл рәсім сотта істердің тезірек қаралуына мүмкіндік береді, сотталушыларға стандартты форматтағы істерге қарағанда сот процесіне ұзақ уақыт қатысудың қажеттілігі жоқ.

Қызылорда облысында 42 қылмыскерге қатысты істер кінәні мойындау туралы процестік келісім жасау арқылы сотқа жолданды. 

Олардың соңынан аталған рәсім шеңберінде Алматы облысында 15 адамға қатысты, Ақтөбеде 3, Жамбылда8 және Шығыс Қазақстан облысында 3 адамға қатысты істер жолданды.

Қарау нәтижелерімен 55 адамға қатысты үкімдер қабылданып, олар бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазалар тағайындалды.

Мысалы, Талдықорған қаласының тұрғыны «Glock» қарулы пистолетін, оған оқ-дәрілерді және 5 жарық-дыбыс гранаталарын ұрлаған.

Аталған азамат өз кінәсін мойындады және жасаған ісіне өкінді, сондай-ақ тергеу барысында қылмыстық қудалау органына көмек көрсетті.

Осы мән-жайларды ескеріп, оған 3 жыл 6 ай мерзімге шартты жаза тағайындалды.

Жалпы қаңтар оқиғалары бойынша сотқа 392 қылмыстық іс жолданып, олар бойынша 445 адам сотталды.

Билік өкілдеріне қарсы күш қолданып, мүліктерді жоюға байланысты ауыр қылмысты жасаған, залалды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 46 сотталушы бас бостандығынан айырудың нақты мерзіміне сотталды.

Қазіргі уақытта 514 күдікті адам қамауда.

Көрсетілген адамдар қиратуларға, ғимараттарды өртеуге, атыс қаруларын жымқыруда, мемлекеттік объектілерге және құрылымдық күш қызметкерлеріне шабуылдауда белсенді түрде қатысқан.

Әрбір қамауға алынған бойынша олардың қылмыстарға қатыстылығы жөнінде жеткілікті мәліметтер бар.

Олардың барлығына қорғалу құқығы, санитарлық нормалар, тамақтану, дәрі-дәрмектер және ұстаудың тиісті жағдайлары қамтамасыз етілуде.

Жеке басын, денсаулық жағдайын және басқа да сипаттайтын мән-жайларды ескере отырып, 284 адамның қамауда ұстау бұлтартпау шарасы, ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепілге, үйқамаққа алуға және жеке кепілгерлікке ауыстырылды.

Қылмыстық қудалау органдарымен қаңтар оқиғаларының барлық себептері мен мән-жайларын анықтау бағытында жұмыстар жалғасуда.

 Жұмыстың негізгі көлемі жаппай тәртіпсіздіктер мен терроризм актілерімен жүргізілуде.

Істер бойынша мыңнан астам адам күдікті деп танылды.

Әр қайсысымен жауап алу, беттестіру, оқиға орнын нақтылау және басқалар сияқты кешенді тергеу әрекеттері жүргізіледі.

Тек арнайы прокурорлардың істері бойынша 30 мыңнан астам тергеу әрекеттері жүргізілген.

Сараптама ұйымдарының өндірісінде үш мыңнан астам зерттеулер бар.

Барлық жұмыстар қылмыстарға әр қатысушысының рөлін анықтау, оның әрекеттерін объективті бағалау және заңды процестік шешім қабылдау үшін жасалады.

Толық, объективті және жан-жақты тергеу жүргізу үшін қылмыстық қудалау органдарымен барлық күштер мен құралдар жұмсалуда.

Құрметті азаматтар!

Бізбен тергеу әрекеттерін жүргізу барысында азаматтардың құқықтарының сақталуы және заңдылық қамтамасыз етілуде.

Жаңа мән-жайлар анықталғанына қарай олар жұртшылықтың назарына жеткізілетін болады.

Ресми дерек көздерге ғана сенуді сұраймыз және жалған мәліметтерді таратпауға шақырамыз. 

Назарларыңызға рахмет