Қымбатты отандастар!

Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мейрам ізгілік пен мейірімнің, сүйіспеншілік пен жақын жандарға жанашырлықтың сан ғасырлық дәстүрін дәріптейді. Қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтар мен конфессияаралық келісімді нығайта түседі.

Православ христиандары басқа да дін өкілдерімен бірге мемлекетімізді дамытуға және халқымыздың береке-бірлігін арттыруға зор үлес қосуда.

Біз бірлесіп Қазақстанды қазіргіден де қуатты елге айналдырамыз.

Бәріңізге зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілеймін!

Бүгінгі мейрам шаттық пен қуаныш әкелсін!