БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында өңірде 4 қоғамдық штаб құрылды. Оның әрқайсысына 11 мүше кіреді. Әркім өз саласы бойынша мәселелерді шешуге атсалысады. Қазір өңір тұрғындарын біржолғы әлеуметтік көмек пен баспана түйіткілі алаңдатады. Бұл туралы БҚО бойынша қоғамдық штаб жетекшісі София Ізмұхамбетова ОКҚ алаңында хабарлады. 

«Саяжай тұрғындарының құжаттары дұрыс емес, өз аттарында емес сынды проблемалар бар. Тұрғындардың құжаттарын реттеу, олардың біржолғы көмекті кедергісіз алу және банктердегі кредиттерін кейінге шегеру, уақытын реттеу. Осы бағытта біздің қоғамдық штаб жұмыс жасап жатыр», – деді спикер.