Солтүстік Қазақстан облысы қоғамдық штабының мүшелері күн сайын эвакуациялау орындарында өтемақы алу тетігі бойынша түсіндіру бойынша кездесулер өткізеді. Сондай-ақ жергілікті штаб қызметкерлері ақшалай өтемақы алу үшін құжат жинауға көмектеседі. Эвакуациялық пункттердегі өтініш берушілердің құжаттарды банкке бармай-ақ тапсыруы үшін екінші деңгейлі банктермен уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте СҚО бойынша қоғамдық штаб мүшесі Арман Бердағұлов айтып берді.

Оның штабтағы әріптестері гуманитарлық көмекті жинау пунктерінің жұмысын үйлестіреді, эвакуацияланғандарды орналастыру, гуманитарлық көмекті жинау, оны есепке алу және сұрыптау өтінімдерін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. 120-дан астам кездесу өткізіліп, 6 мыңнан астам адамға түсініктеме берілді