Осы сағатта республика бойынша 31 938 адам өз үйлеріне оралды. 5 682 тұрғын үй мен 2 584 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Жедел желі телефонына 2 213 қоңырау келіп түсті. Бұл туралы ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ брифингінде хабарлады.

«Батыс Қазақстан өңірінде Жайық өзенінің жағалауын бекіту жұмыстары жалғасуда. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 32 мыңнан астам адам, 4 мыңға жуық техника, 763 су сору құралы, 293 жүзу құралы, 13 әуе кемесі жұмылдырылды. Елімізде республикалық және 20 өңірде облыстық штаб өз жұмысын жалғастыруда», – деді спикер.