Облыстың 4 ауданы мен Орал қаласында қауіп әлі сейілген жоқ. Сол себепті  Жайық жағасын көтеру, дамбаларды нығайту, қапшықтарды толтырып, төсеу жұмыстары жүріп жатыр.

«Өткен тәулікте 27 адам эвакуацияланды. Оның 7-і  - балалар. Облыс бойынша 13 979 адам эвакуацияланды. Оның 2441-і эвакуациялық пунктерде орналасқан», – деді спикер. 

1 млн текше метр еріген қар суы тартылды. 11 мыңнан астам адам, 2 мыңға жуық техника, 129 жүзу құралдары, 3 әуе кемесі жұмылдырылған. Республиканың 14 өңірінен қосымша күш-құралдар жіберілді. Халықты аралап, құлақтандыру және адамдарды эвакуациялау жалғасып жатыр.