Қазақстан аумағының басым бөлігіне, оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер әсер ететін болады. Найзағаймен жаңбыр, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі. Тек еліміздің солтүстік-шығысы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Қызылорда облысының орталығында, шығысында және Қызылорда қаласында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі», – деді «Қазгидромет» РМК  баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ брифингінде.