ШҚО-да жағдай тұрақты. Орта таул аймақтарда және таулардың өңтүстік беткейлерінде қар жамылғысының еруіне байланысты су тасқынның екінші толқыны басталды. Облыстың солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс аудандарында су тасқыны туындауы мүмкін. Бұл туралы ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының маманы Нұрболат Өтеев ОКҚ алаңында хабарлады.  

Қазір қар жамылғысының ауданы 44 %-ды құрайды. Көптеген ауданда қар қоры 1,5-2 есеге көп болып тұр. Барлық гидротехникалық құрылыс штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Судың жіберілуі тұрақты бақылауда. 

«Су тасқыны жағдайын уақытылы бағалау үшін аэровизуалды тексеріс жүргізіліп жатыр. Мобильді топтар күн сайын өз жұмыстарын жалғастырып жатыр. Алдын алу іс-шараларының жоспарына сәйкес жағалауларды нығайту, көпірлерді тазалау, бөгет салу бойынша жоспарланған жұмыстар толық көлемде аяқталды. Облыста жедел штаб жұмыс істейді», – деді спикер.