Ақтөбе қаласында дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу үшін Тараз гарнизонының радиациялық - химиялық және биологиялық қорғау бөлімшелері-жеке құрамның 50 адамы және 17 техника бірлігі, Солтүстік Қазақстан облысына - Қонаев гарнизонының арнайы техникасы бар инженерлік бөлімше жіберілді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин мәлімдеді.

Оның айтуынша, жеке құрамға және бейбіт тұрғындарға білікті медициналық көмек көрсету үшін төрт әскери-медициналық бөлім мен ӘК мекемелерінен медициналық бригадалар бөлінді - дәрігерлік құрам мен медициналық персоналдың 57 адамы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен жеткілікті қамтамасыз етілген 8 санитарлық автомобиль.

«Ақтөбе облысында Ойыл елді мекенінің ауданында әскери инженерлер паром өткелдерін жасауды жалғастыруда. Өткен тәулікте барлығы 13 паром рейсі жасалды, 52 адам және 46 бірлік техника тасымалданды. Әскери қызметшілердің жиынтық тобы Жайсанбай және Ырғыз елді мекендерінің айналасындағы бөгеттерді нығайту бойынша жұмыстар жүргізді, барлығы 15 мың қап құм дайындалып, төселді, ұзындығы 6200 метр және биіктігі 4 метр жағалау сызығы нығайтылды. Атырау облысында Жайық өзенінің периметрі бойынша Есбол, Еңбекші, Аққайың, Ақтоғай, Жанғансай, Индебор, Есбол, Құрылыс, Бірлік, Жаңаталап елді мекендерінде құм салынған қаптарды дайындау және төсеу жұмыстары жүргізілді. Барлығы 45 мыңнан астам қап құм дайындалып, төселді. Құлсары қаласында Қырғызстан Республикасынан келген гуманитарлық жүкті түсіру және бөгетті қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Барлығы 3 вагон гуманитарлық жүк түсіріліп, 2300 қап құм төселді», - деп атап өтті спикер.

Ақтау авиабазасының экипажы барлау соқпалы пилотсыз ұшу аппаратының көмегімен Ақтау-Атырау-Ақтау бағыты бойынша аэробақылауды және әуе барлауын жалғастыруда. Батыс Қазақстан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының және десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілері құм салынған қаптарды дайындау және төсеу, су басуы ықтимал жерлерді нығайту бойынша жұмыстар жүргізді, Жайық өзені арнасының жағалауы нығайтылды. Жұмыстар Набережная, Подстепное, Байқоңыс, Дарьинское, Рубежное елді мекендерінде және Ақжайық ауданының 32 елді мекенінде орындалды. Солтүстік Қазақстан облысында әскери қызметшілер Петропавл қаласының «Қызылжар Су»  су арнасы ауданында және Бескөл кенті ауданында жұмысын жалғастыруда. Сонымен қатар елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету ұйымдастырылды. Соколовка ауылының тұрғындардын эвакуациялау және аумақты патрульдеу жүргізілді.

«Қонаев гарнизоны Қарулы Күштерінің инженерлік-саперлік бригадасының әскери қызметшілері елді мекендердегі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету бойынша кешенді міндеттерді орындауға кірісті. Паром өткелімен су тасқыны салдарынан жол қатынасынсыз қалған Қызылжар ауданының Прибрежное ауылына гуманитарлық көмек тасымалданды», - деп баяндады ведомство өкілі.

Сондай-ақ понтондарды жабдықтау, ауыз су беру үшін су сору станциясын орнату жүзеге асырылуда, электр қуатын қалпына келтіру мәселелері шешілуде. ӘК инженерлік бөлімшесі Ақмола облысы Кима елді мекенінің ауданында паром өткелімен жабдықталған.

ҚР ҚК су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 5 441 әскери қызметші, 227 бірлік автомобиль техникасы, 12 армиялық авиация тікұшағы, 5 әскери-көліктік авиация ұшағы және 3 ұшақ жұмылдырылды.