«Жайықтың деңгейі 8 м 24 см-ді құрап отыр. Ал, оның қауіпті деңгейі 8 м 50 см. Қауіпті межеге жетіп қалдық. Сол себепті облыс бойынша Жайық жағасын көтеру, нығайту, дамбаларды қою, қапшық толтыру, төсеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 14 өңірден қосымша күш-құралдар келіп жетті. Барлық жұмысқа 10 519 адам, 1784 бірлік техника, 212  су тарту құралы, 4 әуе кемесі жұмылдырылды», – деді спикер.


24-25-сәуірде Шаған өзенінде су шарықтау шегіне жетеді деген болжам бар. Облыстың 9 ауданы жол-көлік қатынасынсыз қалып тұр. Соңғы тәуілкте 38 адам эвакуацияланды. Мектептер мен колледж студенттері қашықтан оқып жатыр. Жатақханалар эвакуациялық пунктерге берілді.