Республиканың басым бөлігіне кең антициклон әсер етеді. Сол себепті ауа райы жауын-шашынсыз болады деген болжам бар. Бұл туралы ОКҚ брифингінде «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова хабарлады.

Оның айтуынша, түнде Қазақстанның шығысында ғана аздаған жауын-шашын болады. Күндіз елдің батысында аздап жаңбыр жауады, республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай сақталады.

Қазақстан бойынша жел күшейеді деп күтілуде, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, оңтүстігінде – қатты жел, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.