«2020 жылғы желтоқсанда «КАМАЗ» компаниясымен бірлескен жоба шеңберінде өндіріс қуаты жылына 46 мың тонна құймалар құятын шойын құю зауытының құрылысы басталды. Инвестицияның жалпы көлемі 78,2 млрд теңге, 300 жұмыс орны құрылады. Ынтымақтастықтың келесі кезеңі «КАМАЗ» жүк автомобильдерінің жетекші көпірлерінің басты берілістерін өндіру болып табылады. Жобаның инвестициялық құны 82,5 млрд теңге. Жобалар экспортқа бағдарланған болып табылады, шығарылатын өнімнің басым бөлігі «КАМАЗ» зауыттарына жіберіледі. Құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Үшінші ірі жоба «КАМАЗ» компаниясымен бірлескен жоба. Ол белдік картерлер өндіру кезінде жергіліктендіруді тереңдетуге бағытталған ірі жоба. Құны 73 млрд теңге. Төртінші жобаның тұсаукесері жақында өтті. Камаз компаниясымен бірлескен жоба – autocargo.kz. Бұл компания көлік-логистикалық қызмет көрсетеді, яғни жүк тасымалдайды. 2022 жылы көліктер саны 300-ге жетеді, ал 2025 жылға қарай 1500 асады. Яғни, еліміздегі ең ірі жүк тасымалдайтын компаниялардың бірі болады.  Бұдан бөлек, «АгромашХолдинг KZ» АҚ бизнес-инкубаторы базасында ауыл шаруашылығы техникасы автокомпоненттерін өндіру бойынша жергіліктендіру орталығын құру, инвестициялардың жалпы көлемі 12,6 млрд теңгені құрайды, 450 жұмыс орны құрылады. Жергіліктендіру орталығы көлемі - 35 мың шаршы метр. Сондай-ақ, Минск трактор зауытымен бірлесіп қуаты жылына 10 мың кабина болатын «Беларус» тракторларына арналған кабина шығаратын зауыт салынуда. Жоба «Беларус» тракторларының қолданыстағы өндірісін жергіліктендіру деңгейін арттыруға бағытталған.», - деді спикер. 


Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға және қайта өңдеуге бағытталған «AutoRecyсling» ЖШС жобасы. Құны 6,1 млрд теңге. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталды. Жоба бір аптадан кейін іске қосылады. Жыл сайын жылына 5,5 мың бірлікке дейін ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуды жүзеге асыру жоспарланған. Қуаты 50 МВт «Ыбырай» жел электр станциясы, құны 26,3 млрд теңге жаңартылатын энергия көздерін дамыту шеңберінде іске асырылады. Қазіргі уақытта жоспарланған 16 жел генераторының 15-і орнатылды. Бұл аймақ үшін алғашқы жел паркі болады, бірақ соңғысы емес. Келесі жылы Арқалықта тағы бір жел электр станциясы салады. Арқалық қаласында «QazQarbon» ЖШС компаниясы қуаттылығы 50-100 МВт жел электр станциясын салуды жоспарлап отыр.