Алтай Көлгіновтің айтуынша, құрылыс қарқыны артып қана қоймай, үлескерлердің проблемалары да шешілуде.   


«Тұрғын үй - өте өзекті мәселе. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қолжетімді тұрғын үй құрылысын 3 есеге арттырдық. Егер 2019 жылы 2 900 пәтер салынса, 2020 жылы – қолжетімді тұрғын үйлерс аны 7 000 пәтерді құрады, 2021 жылы жоспар бойынша 10 000 пәтер тапсырылады, оның ішінде 7 500 пәтер пайдалануға берілді. Айта кетейік, маңызды сәттердің бірі: бұл пәтерлер жылдар бойы кезекте тұрған тұрғындарға беріледі. Бұл «Отбасы банкінің» салымшылары мен жұмыс істейтін жастар. Елбасы бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін жастарға 2019 жылы 1 050 пәтер берілді, былтыр 600 пәтер, биыл 1 000-нан астам пәтер табыстаймыз. Сондай-ақ «Елорда жастары» бағдарламасы қабылданды, оған сәйкес жұмыс істейтін жастар үшін «Отбасы банкпен» жылдық 5% тұрғын үй ұсынылатын болады. Күн тәртібіндегі өзекті мәселе - ескі апатты жағдайдағы үйлерді бұзу жұмыстары жүргізілуде. Үлескерлер мәселесі көптеген тұрғындарды толғандыратын мәселе. 2018-2019 жылдары үлескерлер саны 16 000-нан астам отбасы болды. Осы кезеңде Мемлекет басшысының қолдауының арқасында 12 900 үлескердің мәселесі шешілді, олар 90 көппәтерлі тұрғын үйден өз пәтерлерінің кілттерін алды. Енді 3 145 отбасы немесе 60 көппәтерлі тұрғын үй қалды», - деді мегаполис басшысы.

 
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан билігі үлескерлер мәселесін республикалық және жергілікті бюджет қаржысымен ғана емес, сондай-ақ 90 млрд теңгеге жуық жеке инвестиция тарту арқылы да шешіп отыр.