«Қазіргі кезде елорда сары аймақта. Бұған ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы өз септігін тигізді. Азаматтардың 66% астамы егілді, 61% вакцинаның екінші компонентін алды. Бұл 434 мың адам. Сондай-ақ, қараша айында ревакцинация басталды. Бүгінде 1177 адам ревакинациядан өтті. Омикрон вирусының пайда болуына байланысты халықаралық аренада ірі қалаларда, мемлекеттерде қосымша шектеулер енгізілуде. Мұны болдырмас үшін санитарлық нормаларды қатаң сақтауымыз керек. Вакцинацияны одан әрі жалғастыратын боламыз», - деді елорда басшысы.